Садриддин Ахмедов төрт титул үшін айқасқа түседі
Садриддин Ахмедов төрт титул үшін айқасқа түседі
190
оқылды
Бірінші орта салмақта WBC "жастар" титулына ие Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) нидерландтық Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО)  бокстасады. Бұл кездесу 29 қаңтар Мексиканың Куэрнаваке қаласындағы бокс кешінде өтеді. Жеңімпаз WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO титулдарын иеленеді. Ахмедовтың ісін жүргізетін Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының басшысы Камиль Эстефан жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты. "Садриддин жас және бұл оның карьерасындағы алға бір қадам. Даньо - өте мықты ардагер, сондықтан бұл сұмдық жекпе-жек болады", - дейді промоутер.