Мүмкіндігі шектеулі балаға қол ұшын созды
Мүмкіндігі шектеулі балаға қол ұшын созды
236
оқылды

Қай кезде болсын, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде өтініш білдірушілердің саны толастаған емес. Бұл – халықтың жетекші партияға үлкен сенім артатынының тағы бір дәлелі. Жақында осындай сеніммен «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қабылдауына келген қала тұрғыны Самал Байкенованың мәселесі оң шешімін тапты.

Ол Қызылорда облыстық көп­бейінді медицина орталығының директоры, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Нұридин Әмитовтың қабылдауына келіп, өтінішін жеткізді. Әңгіме барысында өзінің жалғызбасты, жұмыссыз, пәтер жалдап тұратынын тілге тиек етті. Сондай-ақ 2 баласының мүм­кіндігі шектелуі екенін айтып, бронхиалды астма диагнозымен ауыратын 7 жасар ұлының тыныс алуына қажетті неволайзер аппа­ратын алып беру туралы көмек сұрады. Нұридин Әмитов жалғызбасты ананың өтінішіне орай 7 жасар Құдіретке тыныс алу аппаратын алып беріп, оның тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Жалпы, облыс бойынша жыл басынан партияның қоғамдық қа­былдау бөлмелеріне азаматтардан 64 өтініш түсіп, олардың 34,3 пайызы оң шешімін тапты.

Әбілмансұр ЖАСАН