Бір мектепке екі рет «бомба» қойған кім?
Бір мектепке екі рет «бомба» қойған кім?
174
оқылды

Ақтөбе қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының элек­тронды поштасына ғи­маратқа бомба қойылғаны тура­лы хат келіп түсті. Мұн­дай жағдай бұған дейін де бол­­ған еді.

26 қаңтар күні сағат 10.15-те №51 мектеп-гимназиясының электронды поштасына «мектепке бомба қойылды» деген хабарлама келіп түскен. Шұғыл қызмет дереу оқиға орнына жетіп, оқушыларды, мұғалімдер мен кіші қызмет­керлерді эвакуациялады. «Бар­лығы 550-ден астам адам эва­куацияланды. Арнайы бөлімше саперлері жарылғыш құрылғыны анықтау үшін тексеру жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу бастал­ды. Полиция департаменті күдік­тіні анықтау және ұстау үшін жедел іс-шараны қолға алды», – деді облыстық Полиция депар­таменті баспасөз қызметінің же­текшісі Ерболат Сарқұлов. Еске салсақ, 18 қаңтар күні осы мектептің электронды пош­тасына дәл осы мәтінде хабарлама түскен болатын. Хатты жолдаған адам әлі анықталмады.

Айша ЕРСҰЛТАН