Алматы облысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын және соның негізіндегі 2021-2025 жылдарға арналған өңірдің даму бағдарламасын жүзеге асыру Жол картасы бойынша аудан-қалалардағы кездесулер басталды.
Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында өткен аталмыш іс-шараға облыстық партия филиалының Саяси кеңес бюросының мүшесі, облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева, ауданның жергілікті атқарушы орган өкілдері, «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшелері қатысты. Шара аясында Жанболат Әкебайұлы және Гүлнәр Қожақұлқызы сайлауалды бағдарлама мен өңірдің даму бағдарламасын іске асыру жолдары туралы айтып, жаңа сайланған депутаттарға бағдарламаны жүзеге асыру бойынша бағыт-бағдар берді.Әбілмансұр ЖАСАН