Министрдің жасы маңызды ма?
Министрдің жасы маңызды ма?
328
оқылды

Министрлердің жас ерекшелігіне байланысты зерттеу жүргізген Ranking.kz егде жастағы үкімет мүшелері негізінен Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кіретін мем­лекеттерде кездеседі деген байлам жасапты. Қа­зақ­станда да қарт министр көп. Еліміздегі министрлердің орташа жасы – 48.

Зерттеу нәтижесіне үңілсек, қаңтар айындағы көрсеткіш бойын­ша Еуразиялық эконо­микалық одақ елдеріндегі ми­нистр­лердің орташа жасы 49 жас 2 ай болған. Оның ішінде ең жасы Арменияның министрлері екен. Олардың орташа жасы – 45,3. Ал ең жасамысы – Ресейдің министрлері. Көршілердегі орташа көрсеткіш – 52,2 жас. Қазақстан жас мөлшері жөнінен рейтингтің ортасына орнығып отыр. ЕАЭО-ға мүше мемлекет­тердің арасында ең қарт министр Ресейде жұмыс істейді. Ол – 70-тен асқан Сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Ал ең жас министр – Арменияның Әділет министрі, 30 жастағы Рустам Бадасян. Қазақстанда министрлерді Пре­зидент тағайындайды және қыз­меттен босатады. Қазір елімізде 18 министрлік бар. Жасы жағынан ең үлкен министрлер – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев (58 жаста) пен Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев (58 жаста). Ең жас сала басшылары – Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев (33 жаста), Цифрлық даму, инно­вациялар және аэроғарыш өнер­кәсібі министрі Бағдат Мусин (37 жаста) және Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов (38 жаста). Шыны керек, білдей бір сала­ның тұтқасын ұстайтын лауазымның жүгі ауыр, жауапкершілігі одан да ауыр. Саясаткер Нұртай Сабилья­новтың пікірінше, ми­нистрлердің жас ерекшелігі Үкіметтің жұмыс тиімділігіне әсер ете қоймайды. – Мәселе – жасында емес. Мә­селе – министрдің білімінде, тә­жірибесінде және халықты қол­дауында, мемлекет мүддесін жоғары қоя білуінде. Егер осы бағытты ұстанса, зейнетке дейін жұмыс істеуге оның мүмкіндігі бар. Ше­неунік елге адал қызмет етуді мақсат тұтуы тиіс. Ал бізде, керісінше көбі мемлекеттік қызметтен, мем­ле­­кеттік сатып алудан өзінің бас пай­­­дасын көздейді. Таза жұмыс істесе, оның жұмыс тиімділігі жо­ғары бо­лады. Биліктегі жастар да жем­қорлықпен ұсталып жатыр ғой. Ара­сында «Болашақпен» оқып кел­гендер бар, мысалы. Олардың да әртүрлі жағдаймен аты шықты. Соны болдырмау үшін ең бірінші жүйені дұрыстауымыз керек. Мемлекетке қызмет ететін жүйе қалыптасса, жас-кәрі деген сөз айтылмайды. 63 жас – зейнетке шығатын жас. 50-55 деген – нағыз ердің жасы. Бәрі адамның өзіне байланысты. Денсаулығы мықты, жұмысқа қабілетті қарт шенеунік жастарды жолда қалдыруы мүмкін. Ал жастардың ынтасы болмаса, өзін көрсетпесе, «мен министрмін, же­тістігім осы» деп отыра берсе (он­дайлар болды бізде), оның жас­тығынан не пайда? Әрине, жастар­дың жаңашылдығын мен толық құптаймын, жастарға жол беру ке­рек, жастарды қолдау керек, жастар­ды тәрбиелеу керек. Бірақ аға-көкесінің көмегімен жылы орынға жайғасқан жастан не қайыр күтесің? Өз тала­бымен көтерілген жігіт болса, ол – бөлек әңгіме. Мен 16 жыл депутат болдым, көбімен қыз­меттес болдым. Көз алдымда қан­шама министр, қаншама премьер-министр, қаншама әкім ауысты. Жасқа тірелген дәнеңе жоқ, – дейді экс-депутат. Сонымен, салыстырмалы түрде егде жастағы Қазақстан Үкіметінің қауқары қандай? Жасағаны қанша, жасайтыны қанша? Оны сырттай бағалау үшін арнайы рейтингке көз жүгіртеміз. Еліміз Үкімет жұ­мы­сының тиімділігі бойынша 209 мемлекеттің арасында 89-орында тұр екен. Үкіметі біздікінен «үлкен» Ресей 88-орыннан көрінген. Индексте мемлекеттік қызмет­тердің сапасы, ішкі мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүзеге асы­рудың сапасы, үкімет жүргізіп отыр­ған ішкі саясатқа халық сенімінің деңгейі, мемлекеттік аппараттың жұмыс сапасы мен мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасы, олардың саяси қысымнан тәуел­сіздік дәрежесі және тағы басқа бірқатар факторлар ескерілген. Бұл рейтингте Сингапур, Швейцария және Дания көш бастайды. Үздік ондыққа Финляндия, Андорра, Норвегия, Швеция, Нидерланд, Гонконг кіріпті. Министр Енді өзгелерден оқ бойы озған Сингапур үкіметіне үңілейік. Үкімет құрамына премьерді қосқанда 20 министр кіреді. Олардың орташа жасы – 57-75 жас. Премьер-ми­нистрі Ли Сянь Лун – 69 жаста. Сегіз министрдің жасы 60-тан асып кеткен. Яғни, 1-орындағы Сингапур үкіметі 89-орындағы қазақ үкі­­метінен 9 жас «үлкен». Соған қа­рағанда, арал – мемлекет өз билі­гін көргені көп тәжірибелі қарттарға сеніп тапсыратын секілді. Тәжірибе дегеннен шығады, кейінгі кезде өмірден түйгені мол, кәсібінің бүге-шігесін жылдар бойы игеріп алған қартамыс адамдарға саясатта ғана емес, еңбек нарығында да сұраныс артқан. Рас, үнемі сұраныста болу оңай емес. Кәрі кі­сінің денсаулығы нашарлайды, күш-қуаты азаяды, жылдамдығы тө­мендейді, жаңа технологияларға баяу бейімделеді. Табиғаттың заңынан ешкім қашып құтылмақ емес. Уақыт бір орында тұрмайды. Бірақ уақытпен бірге медицина да алға жылжиды. Мамандардың пайымдауынша, ХХІ ғасыр адам­ның 70 жасы биологиялық тұрғыдан өткен ғасырдың 50 жасымен пара-пар екен. Жалпы, ТМД аумағында ше­неуніктердің жасына 90-жыл­дары шектеу қойыла бастады. Себебі қаусаған қария­лардан құрал­ған коммунистік партия басшылары халықты әбден ығыр қылған еді. Оның үстіне элита алмасып жатқан. Мысалы, Еуразиялық эконо­ми­калық одақ көлеміндегі ең кәрі министр Сергей Лавров осы қыз­метіне тағайындалғанда небәрі 54 жаста болған. АҚШ-та саясаткерлердің ор­та­ша жасы ұлғайып барады. Соңғы президент сайлауына түскен кан­дидаттар Дональд Трамп, Берни Сандерс, Джо Байден десек, үшеуі де 70-тің ар жа­ғындағы ақсақалдар. Зимбабве президенті Роберт Мугабе отставкаға кеткен соң Ұлы­­­­­­­­британия патшайымы ІІ Ели­завета әлемдегі ең қарт мемлекет басшы­сына айналды. Қазір оның жасы 95-те. Кувейт әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер әс-Сабах 90-нан асты. Куба мемлекеттік кеңе­сінің және министрлер кеңе­сінің төрағасы Рауль Кастро 86 жаста, Камерун президенті Поль Бийя 84-те. Ливан президенті Мишель Аун 84-те. Жапония им­ператоры Акихито 83-те, Сауд Ара­биясының королі Салман бен Абдулазиз 81 жаста. Әрине, кейде шенеуніктің жасы оның атқаратын жұмысына, басқа­ратын саласына байланысты. Мы­салы, «IT саласына жастарды апар­ған дұрыс», – дейді сарап­шы­лар. Цифрлық даму, иннова­циялар және аэроғарыш өнеркәсібі сияқты министрлікті жас адам басқа­ратыны түсінікті. Өйткені жаңа техноло­гияларды меңгеріп, жаңа трендтерге ілесіп отыруы керек. Кибер­қауіп­­сіздік деген – ХХ ға­сырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында күн тәртібіне шыққанын ескерсек, бұл саланы басқару қарт адамға қиындау болар еді.

еркебуланЕркебұлан НҰРЕКЕШ