27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
173
оқылды

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда қар жауады. Ауа райы күрт құбылып, қалың тұман басып, боран соғады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысында тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, жел екпіні 15-20 м/с болады. Жамбыл, түнде Алматы облыстарында тұман түседі. Күндіз Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облысында тұман, Павлодар және Қарағанды облысында көктайғақ болуы мүмкін.