Облыстық соттың мәліметінше, 37 жастағы күдіктінің кінәсі толық дәлелденді.
Былтыр мамыр айында ішімдік ішкен күдікті түнгі сағат 3-тер шамасында көңілдесінің үйіне барады. Бірақ жалғызбасты әйелдің үйінде тек 10 жастағы қызы болған. Педофил қызды ұрып-соғып, зорлап кеткен.
Сот қылмысы толық дәлелденген күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Гаухар Нұрханова: «Қылмыстық іс ауыр санатқа жатады. Қоғамға қауіптілігі ескеріліп, сот үкімімен сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – деді.