Солтүстік облыстарда боран соғады
Солтүстік облыстарда боран соғады
123
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін Қазақстанның кейбір аймағында бұрқасын болып, жел күшейеді.

Қазақстан территориясының басым бөлігіне Атлант мұхитынан келетін антициклон әсер етеді. Жауын-шашын жауады. Тек республиканың солтүстік және шығыс бөліктері әлі де фронталды аймақта болғандықтан, кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Кейбір аймақта тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақтөбе облысында жел тұрып, жылдамдығы 18 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде кей жерлерде тұман күтіледі.