Қысқартудың қайшысы қайраулы
Қысқартудың қайшысы қайраулы
264
оқылды

Өткен жылы мемлекеттік қызмет­шілер саны 10 пайызға қысқарғанын ел жақ­сы біледі. Жолдау жүктеген міндет бойынша 1-ақпаннан бастап 15 па­йыз­дық қыс­қарту жүруі тиіс. Бұлардың санатына кімдер кіреді? Қысқарту қашан бас­талмақ?

Қысқартуға кім ілікпейді?

Аталған мәселеге қатысты жыл ба­сында Пре­зидент Қасым-Жомарт Кемел­ұлы  Мем­лекеттік қызмет істері агент­тігінің тө­райымы Анар Жайылғанованы қабыл­дады.  Кездесуде агенттік төрайымы  ве­дом­ствоның мемлекеттік қызметке ор­наласу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қыз­метті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынта­лан­дыруға және дамытуға, Пре­зидент­тік жастар кадрлық резерві бо­йынша жүр­гіз­ілетін жұмыстарға, сондай-ақ  мем­лекет­тік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарған жұмыстарды баяндаған. Оның сөзіне сүйенсек, былтыр агент­тіктің штаты 10 пайызға қысқарған, ал биылғы ақпан айының соңына дейін тағы да 15 пайызға оңтайландырылмақ. Қыс­қарту шаралары кезінде мемелекеттік қыз­меткерлердің құқығы толықтай  қор­ғалады. Елімізде мемлекеттiк қызметшiлердің  сaны шамaмен 97 мың болса, бұл эко­номикалық белсенді халықтың  1,1 па­йызы. Қысқарту  көмекшi қызметтердiң лауaзым­­дарын қaйта қарау және морa­торий жaрия­лау, сондaй-ақ aвтоматтан­дырылған жүйе­лeрмен алмaстырылатын лaуазымдарды зерделеу  aрқылы қызмeт­кeр­лердiң зейнет­керлiк жaсына жеткеннен кейiн ұзaр­тылатын вaкансиялар және әлеуеттi бoс жұмыс орындары есебiнен жүргізіледі деп күтілуде. Ал Еңбек кодексіне сәйкес, бір­қатар санаттағы азаматтар қысқартуға жат­пайды. Олар – жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгi балалары бaр aналар, жaлғызбaсты aналар, бала­лaрды aнасыз тәрбиeлеп oтырған өзгe де азаматтар  және  кемiнде зейнеткe шығуға екi жыл қaлған қызмет­керлер. Егер қызметкердiң лaуазымы қыс­қартылған жағдайда ол мемлекеттік қыз­метте 3 жыл жұмыс iстеген болса, оғaн 4 ортaша aйлық жaлақы көлемінде  төленеді.

307 бос орын 15 пайызды толтыра ала ма?

Бұл – жалпы еліміз бойынша белгіленген талап. Ал Жамбыл облысында  жағдай қандай? Мемлекеттік қызмет істері агенттігі  облыс  бойынша де­партаменті­нің басшысы Шәкір Сұлтан­хан­ның айтуынша, өңірде мемлекеттік қызметшілердің жалпы штаттық саны 4 964 бірлік болса, биылға  38 маман қыс­қарып отыр екен.  Аталған  қысқару ау­мақ­тық органдардың штат санының қыс­қаруы мен  жергілікті атқарушы орган­дардағы ветеринариялық функция­лардың орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелеріне ауысуынан болыпты. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 4 657 бірлікке тұрақтап, бос лауазымдардың үлесі – 307 бірлік немесе 6,1 пайыз. Есепті мерзімде мемлекеттік қызмет­шілердің орташа жасы 40 жас болса,  мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өті­лі 10 жыл 5 ай болған.  Ал нақты ла­уазым­дағы орташа қызмет өтілі 4 жыл 6 ай­ды көрсеткен. Білім деңгейіне келсек, барлық қызметшілердің 91 пайызы (4 238) жоғары білімді мамандар. Оның ішінде  3-еуі «Болашақ» бағдарламасының және 26-сы Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері. Мамандар Жолдау жүктеген міндет бо­йынша былтырғы 10 пайыз қыс­қарту  бос орын мен басқа салаға ауысқан маман­дардың есебінен жүргізілгенін  айтады.  Десе де, облыс әкімі  Бердібек Сапарбаев стратегиялық құжатта көрсетілген  мемле­кеттік қызметшілерді қысқарту бойынша  1,5 миллиард теңге көлемінде қаржы үнемделетінін айтқан. Ал енді биылғы  15 пайыздық қысқартуға кімдер ілінетіні әзірге белгісіз. Себебі жоғары жақтан нақты жоспар мен тапсырма келмеген.  Алайда департамент басшысы Шәкір Сұлтанханның  сөзіне сенсек, биыл да облыста 307 бос лауазым­ды орын бар екен. Енді бұл орындар 15 пайызды толтыра ала ма? Бір анығы, қысқартудың қайшысы қайраулы. Енді тек әліптің артын бағу қажет.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы