Бейжің қаласы аудандық сотының үкімінде «37 жастағы жолаушының әрекеті ҚХР санитарлық-эпидемиологиялық ережелерін бұзды. Вирустың таралу қаупін тудырды. Аурудың алдын алу мен емдеуге кедергі келтіретін қылмыс жасады» деп жазылған.
2020 жылдың наурыз айында 37 жастағы жолаушы әйел АҚШ-тан Қытайға халықаралық рейске шықпас бұрын вирус белгісін, атап айтқанда дене қызуының жоғары болғанын жасыру үшін қызу түсіретін дәрі ішкен, – деп жазады «Қазақпарат».
Бейжің халықаралық әуежайына келгеннен кейін оның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Онымен байланыста болған 60-тан астам адам карантинге жіберілді.