Коронавирус: Қазақстан "қызыл" аймақта тұр
Коронавирус: Қазақстан "қызыл" аймақта тұр
5,213
оқылды
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов еліміздегі эпидемиологиялық жағдай  қандай екенін айтты.  Оның айтуынша, соңғы екі айда Қазақстанда коронавирусқа қатысты эпидемиялық жағдай нашарлаған. Қазір еліміз "қызыл" аймақта тұр.
"Қаңтарда желтоқсанмен салыстырғанда коронавирустың өршігені байқалады.  Дәл қазір "қызыл" аймаққа төрт  өңір - Батыс Қазақстан,  Атырау облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары енген.  Сонымен қатар "қызыл" аймақта Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары тұр.  "Жасыл" аймаққа Қарағанды облысы кірді.  Қалған өңірлер "жасыл"  аймақта", - деді ол.
Бұған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың "қызыл" аймаққа енгенін айтқан болатын.