Қазгидромет бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
28 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 18-23 м/с күтіледі.
Ақтау қаласында 28 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с күтіледі.
Қарағанды және Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
28-29 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз 28, тәулік бойы 29 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.