Оқушыларға шетелдік мектептерде қашықтан оқуға тыйым салынды
Оқушыларға шетелдік мектептерде қашықтан оқуға тыйым салынды
206
оқылды

Елімізде індет кезінде шетелдік мектептерге ауысу жағдайы жиілеген. Бұл туралы Алматы қалалық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева айтты. Аталған жағдайдан соң Білім туралы заңға өзгертулер енгізілген.

Енді мектептер бұдан былай 5 жылда бір рет мемлекеттік аттестациядан өтіп тұрады. Басты мақсат – білім деңгейін көтеру. Мектеп пен лицей оқытушыларына қойылатын талап күшейтілген. Колледж түлектерінің 75 проценті мамандық бойынша жұмысқа тұруы міндеттелген. "Жалпы білім беретін мектептердегі жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, сарапшы, зерттеуші педагогтердің, шебер педагогтердің үлесі мұлғалімдердің жалпы санының кемінде 35 пайызы болуы тиіс. Ал лицейлер мен гимназияларда кемінде осы педагогтердің үлесі – 40 пайыз",– дейді  Гүлнәр Ермекбаева.