«Көлік ұрлығына погон таққандардың қатысы бар» – Мәжіліс төрағасы
«Көлік ұрлығына погон таққандардың қатысы бар» – Мәжіліс төрағасы
212
оқылды

Мұны Парламент отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Нығматулиннің айтуынша, соңғы 15 жылда ұрланған 40 мыңнан астам көлік шетелге кеткен. Алайда соның тек 66-сы ғана иесіне қайтарылды. Ұрланған көліктердің дені көршілес елдерге жөнелтілген. Мәжіліс төрағасы автомобильдердің жаппай қолды болуына көліктің VIN-кодын заңсыз алу жағдайлары себеп болған дейді. Ал мұндай құқық тек ішкі істер органдары қызметкерлерінде ғана бар. Нұрлан Нығматулин көлік ұрлығына кінәлілерді тауып, олардың жазасын беруді талап етті.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин: «Ерлан Заманбекұлы, мұның бәрі погон таққандардың қатысуынсыз жүзеге аспайтыны түсінікті ғой. Қазақстанда да, басқа елдерде де. VIN-код – жеке дерек. Ол кез келген жерде бола бермейді. Ол осы шаруамен айналысатын адамдар да ғана бар. Сіз нәтиже көрсететін генералсыз, білеміз. Бірақ тәртіп орнатыңыз», – деді.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев бұл уәжге айтар сөз таппады. Бас изегеннен басқа жауап қата алмады. Ол тек ұрланған көліктерді тез қайтарудың жолын ұсынумен ғана шектелді.

Оның айтуынша, шекара асып кеткен автокөліктерді бұдан былай 1 ай ішінде табуға болады. Бұл Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова елдері қолдаған ортақ келісімнің жемісі деді.