«Айына 45 мың теңге өткізбесең...» – лауазымы жоғары полицейдің ақша талап еткені әшкере болды
«Айына 45 мың теңге өткізбесең...» – лауазымы жоғары полицейдің ақша талап еткені әшкере болды
236
оқылды

Бас-аяғы төрт жарым минуттық аудиожазбада бейәдеп сөз өте көп. Аудиожазбадағы сөздерді айтқан Кентау қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары екені анықталды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Лауазымы жоғары полицей  қоластындағы қызметкерлерден ақша талап етіп, көнбегенін «жұмыстан шығарамын» деп қорқытқан.  Бір анығы, ол бұған дейін де осындай әрекеті үшін жұмыстан кеткен екен.

Аудиожазбада «1 ақпаннан бастап барлығың маған 10 мың теңгеден өткізесіңдер. Жалпы 45 мың теңге болуы тиіс. Жетім емессіңдер... Жол-патрульдік қызметі элита болуы керек. Ақша жинап, қымбат коньяк пен азық-түлік салынған корзинаны әдемілеп орау қажет» делінген.

Ол бұған дейін былтыр да дәл осындай жайтқа қатысты қызметінен кетіп, қайтып келген екен.   https://youtu.be/9lBp-PE8JtU Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 2020 жылдың 22 мамырында Кентау аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары қызметінен босатылған. Алайда ол өткен жылдың қазанында сотқа жүгініп, облыстық соттың шешімімен қызметіне қайта оралған.

Полицей бұрынғы жұмысында істеп жүр. Енді ақша жинау дерегі бойынша қайта тергеу басталды.