Павлодар облысында карантиндік шаралар қайта күшейтілді.
Жыл басынан бері аймақта 6 мыңнан аса нысан тексерілген. Олардың 40 шақтысы әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, облыстың 12 қаласы мен ауданы қазір «қызыл» аймақта тұр. Ал Баянауыл «сары» аймақта. Індеттің жаппай таралуына карантиндік талаптардың сақталмауы себеп. Енді облыста демалыс күндері қатаң карантин жарияланып, қоғамдық көліктердің жүруіне тыйым салынды.