Елбасыға есеп берді
Елбасыға есеп берді
143
оқылды
Елбасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады.

Кездесу барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына елдегі қылмыстық ахуал туралы баяндалды. Ішкі істер министрінің мәліметі бойынша Қазақстанда қылмыс саны 16%-ға азайған.

Сонымен қатар Е.Тұрғымбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар және ішкі істер органдарын реформалау жөніндегі жол картасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді.

Ал Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Елбасына 2019 жылғы жұмыстың негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге жоспарланған басты мақсаттары туралы мәлімет берді.

Сонымен бірге Қазақстанның Тұңғыш Президентіне азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы ақпарат ұсынылды.