Қазақстанда коронавирустан бір бала көз жұмды, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, 16 жастағы қыз осы күнге дейін коронавирустан қайтыс болғандар арасындағы алғашқы бала.
Пациент Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасында өткен жылы шілдеде қайтыс болған.
Диагнозы - коронавирустың ауыр түрі, сондай-ақ өкпесінің 75%-ын қабындырған пневмония болып шықты.
Қайтыс болған қыз бала күнінен мүмкіндігі шектеулі болған, Даун синдромынан, қант диабетінен, семіздік пен қан аздықтан зардап шеккен.