Қызылордалық жігіт зейнеткердің аңғалдығын пайдаланып, интернет-банкинг арқылы оның ақшасын өз шотына аударып алған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 65 жастағы қала тұрғыны арызданды.
"Ол өз арызында көршісі - 27 жастағы азаматтың өз аңғалдығын пайдаланып, интернет-банкинг арқылы өзінің есепшотына 304 000 теңге қаражатын аударып алғанын айтқан. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды", - делінген хабарламада.
Қызылорда қаласының Полиция басқармасы қала тұрғындарын қырағы және сақ болуға шақырады.