Тараздық тұрғын өзін-өзі өртеп жіберген
Тараздық тұрғын өзін-өзі өртеп жіберген
171
оқылды
Таразда 28 жастағы жігіт өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды "Хабар 24". Азаматтың туған-туыстары бар кінәні полицейлерден көріп отыр. Айтуларынша, тәртіп сақшылары жігітке жасамаған қылмысын жасадың деп айып таққан. Мойындамаған жағдайда темір торға қамаудың басқа жолын табамыз деп қысым көрсеткен көрінеді. Жігіт ауруханаға бір апта бұрын дене күйігімен түскен. Інісінің айтуынша, полицейлер үйлеріне келіп, «Шалғай Қарасу» алқабынан 5 бас мал ұрлады деп айыптаған. Алайда полицейлердің уәжі басқа. Тәртіп сақшылары жанып жатқан жігітті өшіріп, жедел жәрдем шақыртқан көрінеді. Полиция департаментінің мәліметінше, Досжан Жарылқасын бұған дейін бірнеше рет істі болған. Екі рет мал және 4 рет қалта ұрлығы бойынша ұсталған. Заң бұзғаны үшін шартты түрде сотталған. Ал аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұрланған малдың жылпы құны 265 мың теңге.