Нұр-Сұлтанда жол ақысын төлемегендерге 16 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтанда жол ақысын төлемегендерге 16 млн теңге айыппұл салынды
206
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік ақысын төлемеген жолаушылар жазаға тартылды. "2020 жылдың қорытындысы бойынша КБД қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 207 мыңнан астам фактісін анықтады. Оның ішінде 3 мыңға жуық азамат жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам әкімшілік жауапкершілікке тартылды",– делінген CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің әлеуметтік парақшасында. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері қоғамдық көлікте жол ақысын төлемейтіндерге күн сайын рейд жүргізеді.