«Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалында 10 қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауына белсенді қатысқан барлық партияластар мен жақтастар марапатталды. Аталмыш шарада барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды.
Марапаттау шарасында құттықтау сөз сөйлеген «Nur Otan» партияcы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова праймериз өткізумен және партияның әрбір облыс пен қала, аудандар үшін сайлауалды бағдарламасының бекітілуімен қорытындыланған саяси науқан жайында ерекше айтып өтті. – «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары облыстық, қалалық, аудандық штабтар арқылы жүргізілді. Штаб құрамында 149 партия мүшелері мен жақтастары, 1 128 сенімді өкілдер мен 752 байқаушылар және «Jas Otan» Жастар қанатының 456 белсенділері жұмыс істеді. Сайлауалды штабтармен 250 мыңға жуық ақпараттық үгіт материалы таратылып, 230 мыңнан астам адамды қамтыған 1 500-ге жуық шара өткізілді. Партияның белсенділері мен үміткерлері облыстың барлық елді мекеніндегі сайлаушылармен және барлық әлеуметтік топ өкілдерімен кездесіп, партиямыздың сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Осындай ауқымды шараларды өткізуге атсалысқан барлық партияластарымыз бен жақтастарымызға, белсенділерге облыстық партия филиалы атынан үлкен ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз, – деді Ләйлә Төрешова. Іс-шарада партия жақтастары мен белсенділері «Jas Otan» Жастар қанатының ерікті жастарына Тұңғыш Президент – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысхаты табысталды.Әбілмансұр ЖАСАН