Батыс Қазақстан сусыз қала ма?
Батыс Қазақстан сусыз қала ма?
140
оқылды

Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының нақты мұқ­тажына қосымша 131 млн текше метр су қажет.  Бұл мәселені шешу үшін   3,5 млрд теңге керек екен. Бұл туралы сенатор Нариман Төреғалиев  Премьер-Министрге жолдаған де­путаттық сауалында мәлімдеді. Оның айтуынша, БҚО-ның оңтүстігіндегі Бөкей ордасы, Жәнібек, Қазталов, Жаңақала аудандарының тұрғындары сусыз қалатын түрі бар. 

Қазіргі уақытта аймақта сумен жабдықтау мәселесі аса маңызды болып отыр. Себебі бұл өңір негізінен мал шаруашылығымен айналысады және Ресейден су алады. Бүгіндері Еділ өзенінен Ресейдің Саратов, Волгоград об­лыстары арқылы облыстың оңтүстік аймақтарына ағып келетін су мө­шері айтарлықтай азайды. Сонымен қатар жыл сайын су алу шығыны да өсіп келеді. Батыс­қазақ­стан­дықтардың нақты мұқтажына қо­сымша 131 млн текше метр су қажет. Облыс алдында тұрған негізгі міндеттің бірі – мал басын көбейту, оны өңдеу және экспорттау. Су тапшылығы бұл мақсатты жүзеге асыруға айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. «Соңғы жылдары шаруа қо­жалықтары мемлекеттік бағдар­ламалардың көмегімен шетелден асылтұқымды мал сатып алып жатыр. Бірақ қазіргі проблемалардың кесірінен барлық малдан айырылып қалу қаупі бар», – деген  Нариман Төреғалиев қаржыландыру мәсе­лесін де қозғады. Оның айтуынша, былтыр 2021-2023 жылдарға ар­налған республикалық бюджетті бекіту кезінде батыс өңірі тұр­ғындарына су жеткізу шығынын өтеу мәселесі қолдау таппады. Сондықтан сенатор биылғы ақпан-наурыз айларында бюджетті нақ­тылау кезінде БҚО үшін 131 млн  м3 көлемінде су жеткізу жөніндегі шы­ғыстарға қосымша 3,5 млрд теңге бөлуді сұрады. Бұл қадам Батыс Қазақстан облысында мал шаруа­шылығын дамытуға мүмкіндік береді.

А.ЕРСҰЛТАН