Қазақстанда 6 өңір - «қызыл», бір облыс - «сары» аймақта тұр
Қазақстанда 6 өңір - «қызыл», бір облыс - «сары» аймақта тұр
202
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі 29 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 29 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы 28 қаңтардағы көрсеткіштен өзгерген жоқ. Яғни, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. Ал «сары» аймақта Қарағанды бар. Қазақстан аумағы «қызыл» аймақта орналасқан. Қалған өңірлер, атап айтқанда 7 облыс пен 1 қала – «жасыл» аймақта.