Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қазақстанда бес вице-министрге қатысты қылмыстық істер қозғалғанын айтты.
Шпекбаевтың айтуынша, әр түрлі деңгейдегі 210 басшы 2020 жылға дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
«722 адам сотталды. Атап айтқанда, бір облыс әкімі, төрт облыс әкімінің орынбасары, екі жауапты хатшы, екі комитет төрағасы, бір елші, бес судья, 10 аудан әкімі мен олардың орынбасарлары бар. Бес вице-министрге, комитеттің төрағалары және олардың орынбасарларына, квазимемлекеттік ұйымдардың топ-менеджеріне қатысты қылмыстық істер тергелуде», – деді Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кеңесінің отырысында.
Алик Шпекбаевтың айтуынша, 2020 жылы 25 аса ауыр және 1 368 ауыр қылмыс, сонымен қатар, жүйелік сыбайлас жемқорлықтың 112 фактісінің жолын кесілген. Сот ұйымдасқан қылмыстық топтарды (ОҚБ) құру фактілері бойынша төрт істі қарады.