Аталған қаулыға сәйкес, бірінші кезекте коронавирусқа шалдығу қаупі жоғары санатқа кіретін адамдарға вакцинация салынады.
Олар:
– медицина қызметкерлері, бірінші кезекте инфекциялық ауруханалар, жедел медициналық көмек, реанимация және терапия бөлімшелері, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлімдері персоналдары, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары;
– педагогтер;
– учаскелік полиция қызметкерлері;
– студенттер;
- медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері мен контингенті;
- төтенше жағдай қызметтерінің, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері;
- ҚР Президенті Іс басқармасының контингенті, мемлекеттік қызметшілер, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкері саналатын ҚР азаматтары, ұлттық құрама командалардың мүшелері;
Созылмалы аурулары бар (қант диабеті, созылмалы обструктивті өкпе ауруы, жүрек-қан тамыры жүйесінің сырқаты) азаматтар.
Ал алдын алу екпелеріне тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға, КВИ-дің өткір және симптомсыз түрімен ауырғандарға вакцинация салынбайды.