Көпшілік мұны Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау абақтысы екенін айтқан. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.
Видеода полиция қызметкерінің қасындағы күдікті емін-еркін абақты камераларын аралап, отыратын жерін таңдап жүр.
Көпшілік мұны «біраз уақыт бұрын пара алу дерегі бойынша қамауға алынған қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары» деп көрсеткен. Облыстық Полиция департаменті мұны растамады. Бірақ жоққа да шығармады.
Видеоны зерттеу басталғанын жазбаша хабарлады.
Қызылорда облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Шамшидин Амитов: «Қазіргі уақытта жарияланған бейнежазба бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тергеу басталды. Бейнежазбаның шығу дерегі зерделенуде», – деп жауап берді.
Бұған дейін "Қара бүркіт" түрмесі туралы жазған болатынбыз.