Оның айтуынша, пандемия кезінде жемқорлыққа қатысты 100-ге тарта қылмыстық іс тіркелген.
«Жүздің жартысына жуығы – коронавируспен күреске бөлінген қаражатты жымқыруға қатысты дерек. Жазда дәрі-дәрмек тапшы болды. Науқастар жасанды тыныс алдыратын аппаратқа қол жеткізе алмай, ажал құшты. Халық билікке үміт артып, көмек күткенде арсыз шенеуніктер қазынаның қаржысын жымқырды. Талан-таражға салды. Меніңше, өз халқының қайғы-қасіреті арқылы баю – сатқындық. Адам өлтіргенмен тең», – деді.