Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық IPO-сын дамыту мәселесін айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Халық ІРО-сы» бағдарламасын жаңғырту керек. Акциялар ең бірінші кезекте Қазақстан азаматтарына сатылуы тиіс. Біздің елдің әрбір азаматы ұлттық байлықтың бір бөлігін ала алатындай жағдай жасау керек», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Үкіметке жекешелендіруге қатысты мониторинг жүргізуді тапсырды.
Жоспарды орындауда жекешелендірудің жеке монополиялардың пайда болуына, соның салдарынан қоғамда наразылықтың өршуіне жол беруге болмайтынын атап өтті.