Атыраулық келіншек жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастап жіберген
Атыраулық келіншек жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастап жіберген
159
оқылды
24 қаңтарда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 35 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастап жіберген деп, хабарлайды azh.kz. Қаны тоқтамаған келіншекке көмекке келген жәдел жәрдем қызметкерлері оның босанғанын анықтайды. Бірақ үйден шақалақты таппағасын, тәртіп сақшыларына хабар берген. Көп кешікпей, жансыз шақалақты үйдің маңында 100 метрдей жердегі қоқыс жәшігінен табылады. Оның толыққанды, биологиялық жетілгені анықталды. Келіншектің заңды некедегі жары мен төрт баласы бар. Бірақ бұл жолы жүктілігін жасырып, өз үйінің әжетханасында босанып қалған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.