Түркістан облысы Сарыағаш қаласында орналасқан тойхана шектеу шаралары енгізілгеннен бастап бірнеше рет той-жиын өткізіп, бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларын өрескел бұзғаны анықталды.
2021 жылдың 28 қаңтар күні мобильді мониторингтік топтар тарапынан жасалған жоспардан тыс тексеру барысында сағат 15:30 шамасында 300 адамға үйлену тойы өткізіліп жатқаны анықталды.
Қонақ үй иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалып, 230 АЕК көлемінде айппұл салынды.
Қазіргі уақытта Сарыағаш қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері аталған тойхананың жұмысын тоқтату бойынша экономикалық сотқа талап арыз дайындауда.