Тұрғындар ауызсумен қамтамасыз етілді
Тұрғындар ауызсумен қамтамасыз етілді
149
оқылды

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы мен қаланың ком­муналдық қызметтерінің өзара тығыз іс-қимылы қысқа мерзімде Жетісу ауданында Павлодарская көшесінде орналасқан үйлерді сумен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуіне септігін тигізді.

Тұрғындардың айтуынша, сумен жаб­дықтаудағы іркілістер жаңа жыл­дың алдында басталған. Ол кезде 1970 жылдан бері пайдаланылып келе жат­қан құбыр үзіліп кеткен. Сөйтіп, олар құбырдың ағынын өздерінің қаржы­сымен жөндеген. Алайда бірнеше күннен кейін құбыр басқа жерден жарылып, қалалық сектордағы сумен жабдықтау толық істен шыққан. – Мен партияның қалалық фи­лиалының call-орталығының нөмірін тауып алдым. Шынымды айтсам, дәл мұндай жеделдікті күтпедім. Бірден мәселені шешіп, дереу қалалық желіге қосып, барлық сүзгіні тазалады. Қазір бізде таза ауызсу бар, қуаныштымыз. Павлодарская көшесінің барлық тұр­ғындарының атынан партия мен ком­муналдық қызметкерлерге үлкен алғы­сымызды білдіреміз, – деді Эльмира Қожахметова. Мәселе партия ұйымдастырған Ал­маты қаласының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқар­ма­сының басшысы Айдар Беркім­баевтың онлайн режиміндегі қабыл­дауында оң шешімін тауыпты. – Халықпен ашық диалог және мемлекеттік органдармен өзара тығыз қарым-қатынас – оң нәтиже беретін жұмыстың кепілі. Сондықтан нұротан­дықтар алдағы уақытта да әрбір ал­маты­лықтың өмір сүру деңгейін арт­тыру үшін бар күш-жігерін жұмсай­ды, – деп атап өтті «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев.

Әбілмансұр ЖАСАН