Партия Төрағасының алғысхаты табысталды
Партия Төрағасының алғысхаты табысталды
276
оқылды

«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында сал­та­натты марапаттау рәсімі өтті. Шара барысында Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан партиялықтар Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың алғыс­ха­тымен марапатталды.

Жиынды «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиал төраға­сының бірінші орынбасары Жанар Бектаева ашып, сайлау науқанының жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етті. – «Nur Otan» партиясы алға қой­ған мақсаттарға қол жеткізіп, мой­нына алған міндеттерін толықтай орындау үшін бар күш-жігерін са­лады. Бағдарлама жүзеге асқан уақытта сүйікті қаламыздың бәсекеге қабілеттілігі артып, тұрғындарға бұрынғыдан да қолайлы жағдайлар жасалады, – деп атап өтті ол. Белсенділерге Елбасының ал­ғысхатын Шымкент қаласы бойын­ша сайлауалды штаб жетекшісі Бахадыр Нармбетов табыстады. Өз сөзінде қалалық мәслихат хатшысы штабтың әрбірі жеңіске өз үлесін қосқанын айтты. – Біздің қатарда көк туды жел­біреткен чемпиондарымыз, дана­лығымен талай істі тындырған абыз ағаларымыз, белсенді жастар да болды. Жұмыс оңай болды деп айта алмаймыз. Шымкент тұрғын­да­рының әрбіріне сайлауалды бағдар­ламаны жеткізу үшін талмай еңбек еттік. Ең бастысы жерлестеріміз бізге сенім артты, – дей келе, алдағы уа­қыттағы жауапкершілікті де еске салды. Себебі нақты істер партия­сының ендігі міндеті – 5 жылдық бағдарламаны толық жүзеге асыру. Алғысхат алған азаматтардың қатарында спортшылар Мұхтархан Ділдәбеков пен Жазира Жаппарқұл, өзбек драма театрының директоры Икрамжан Хашимжанов, айтыскер ақын Ақмарал Леубаева, жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнар Құманбекова және т.б. азаматтар болды. Жалпы, 2021 жылдың 10 қан­тарында өткен сайлауда Шымкент қаласы бойынша «Nur Otan» партиясы 78,63 пайыз дауыс жинады. Сайлау нәтижесі бойынша Шымкент қалалық мәслихаттағы 30 орынның 24-і «Nur Otan» партиясына бұйыр­ды, «Ауыл» және «Ақжол» партия­ларына 3 мандаттан берілді.

Әбілмансұр ЖАСАН