Түркістан облысында вакциналауға дайындық шаралары қызу жүргізілуде. Ең бірінші кезекте 1300-ге жуық адамға «Спутник V» екпесі салынады.
Вакцинаны алғашқылардың бірі болып – жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері және жалпы қызыл аймақта жұмыс істейтін мамандар алады.
Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірге вакциналар кезең-кезеңімен жеткізіледі. Аймақ бойынша бір миллионнан астам адамға екпе салу жоспарланып отыр.
– Түркістан облысы вакцинация жасауға дайынбыз. Біздің облыста қазір екі үлкен мұздатқыш камера бар. Қосымша 15 ақпанға дейін тағы екі үлкен мұздатқыш камера жеткізіледі, – деді облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пәшімов.