Қарағанды қаласының 41 жастағы тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бір жылға бас бостандығын шектеу және 100 сағаттық мәжбүрлі еңбек ету үкімі шығарылды.
2020 жылдың тамызында қала тұрғыны үш ойын автоматын сатып алып, қала дүкендерінің бірінде көкөніс сату мақсатын көрсеткен. Алайда оның орнына тиісті лицензиясыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны анықталды. Құмар ойыншылар жиі дүкенге барып, автоматта көп уақытын өткізген. Заңсыз бизнестің иесі терминалда ақша болмаған жағдайда жеңімпаздармен хабарласып, оларға ұтыс төлеген. Бірнеше айдан кейін заңсыз казиносының жұмысы жабылып, қарағандылық кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Октябрь ауданының пробация қызметінде ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталған адам тіркеуде тұр. Бір жыл ішінде қала тұрғыны 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті өтеуі тиіс, жалтарған жағдайда бас бостандығын шектеу бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады», - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Бекболат Шәкіров.