Бурабайда бір үйір қасқыр видеоға түсіп қалды
Бурабайда бір үйір қасқыр видеоға түсіп қалды
218
оқылды
Әлеуметтік желіде Бурабайда жүрген бір үйір қасқырдың видеосы тарап кетті. Жыртқыштары бар кадрлар Инстаграм әлеуметтік желісіндегі walk.burabay парақшасында жарияланған. Куәгерлердің айтуынша, қасқырлар кеше, 30 қаңтар күні кешке мұз қатқан Бурабай көлінде жүрген. https://www.youtube.com/watch?v=t0-yQ88Reo4 Алайда желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі тек қасқырлар ғана осылай жүретінін айтса, өзгелері бұл иттер деп отыр, деп жазады walk.burabay. Әзірге бұл оқиғаға қатысты нақты түсініктеме болған жоқ.