Алматы қаласы бас санитарының жаңа қаулысы шықты
Алматы қаласы бас санитарының жаңа қаулысы шықты
213
оқылды
Алматыда карантин шаралары туралы бас санитар Жандарбек Бекшиннің  жаңа қаулысы жарияланды. Жаңа қаулыға сәйкес, сауда орталықтары, сауда және ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-23:00 аралығында жұмыс істейді және жексенбі күні дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана ашық болады. Азық-түлік және оған жатпайтын дүкендер, бизнес-орталықтар, фотосалондар, фитнес орталықтары, спорт залдары, туристік компаниялар мен бірнеше нысанның жұмыс істеуіне рұқсат берілді. СПА- орталықтар мен бассейндер дүйсенбі-сенбі күндері таңғы 6:00-ден 21:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Моншаларға уақыт шектеуі қойылмайтын болды. Сауда орталықтарындағы тамақтану нысандары сағат 7:00-23:00 аралығында жұмыс рұқсат берілді Қоғамдық көлік жұмысына уақыт жағынан шектеу қойылмайды.