1 ақпанға арналған ауа райы болжамы
1 ақпанға арналған ауа райы болжамы
128
оқылды

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын жауады. Желдің екпіні  күшейеді. Көктайғақ болады.

Ауа райы құбылып, кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші – 15-20 м/с. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны 23 м/с дейін күшейеді. Күндіз боран соғады. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 28 м/с жетеді.