Ресейдің «Спутник V» вакцинасы егіледі. Дәрігерлер вакцина егу арқылы коронавирустың таралу қарқынын бәсеңдетуге болады деп болжайды.
Қазақстанда вакцина ерікті түрде салынады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына сәйкес, вакцина әр адамның келісімімен ғана салынады.
Вакцина салдырудан бас тартқандарды заң бойынша жауапқа тартпайды.
Кеше Қазақстанға «Спутник V» вакцинасы жеткізілді.