Ресейдің«Спутник V» вакцинасы егіледі. 15 ақпаннан бастап вакцинациялауға Қарағандыда өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қосылады. Биыл 2 тоқсаннан бастап вакцинациялауға QazCovid-In препаратын енгізу жоспарда бар.
Бүгін «Спутник V» вакцинасын алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алды.
«Ең тиімді қорғаныс құралы болғандықтан үнемі вакцина аламын. Өз басым вакцина арқылы медицина мамандарын, халықты қорғай алатынымызға қуандым. Ресейлік, қазақстандық вакциналарға келсек, барлық вакцинаның қорытындысы бір – ағзада коронавирусқа қарсы иммунитет (антидене – ред.) пайда болады. Вакцина салдырғаныма уайымдамаймын. Дәрігер болғандықтан вакцинаның артықшылығы мен кері әсерлерін білемін», – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.
[caption id="attachment_107419" align="aligncenter" width="843"] Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption]
Вакцинация биыл жыл соңына дейін жалғасады. Шамамен 6 миллиондай адам қатысады деген жоспар бар.