«Қазпошта» ғимаратына кіру үшін еңбектеп бара жатқан аяғы жоқ ер адамның видеосы көпшіліктің ызасын келтірді.
Видео Қарағанды қаласы Октябрь ауданындағы Пришахтинскінің 22-ықшамауданында түсірілген.
Видеода: «Мүгедектер мен қарттар үйінде тұрамын. Аliexpress-тен тапсырыспен зат аламын. Бес жылда бәрі жақсы еді. Бірақ қазір пошта бөлімшесі сенімхат болса да, әлеуметтік қызметкерге сәлемдеме бермейді. Сондықтан «Қазпоштаға» өзім барамын», – дейді.