Қапшағайда мас жүргізуші көлігімен мұзға шығып, балықшыларды қағып кете жаздады.
Әлеуметтік желіде 31 қаңтар күні мас жүргізуші үлкен жылдамдықпен балықшыларды қағып кете жаздағаны туралы ақпарат тарады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, балықшылар көлікті дер кезінде көріп, қашып үлгерген. Алматы облысының полиция департаменті осы факті бойынша 40 жастағы Қапшағай қаласының тұрғыны ұсталғанын мәлім етті.
«Көлікті мас күйінде басқарған жүргізуші Л. есімді азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 608-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деп түсіндірді ведомстводан.
Ұсталған адам Қапшағай қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.