Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде тұман басады. Түркістан қаласын да тұман басуы мүмкін.
2-3 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлері тұманды болады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұманмен бірге қатты жел соғады. Ақтөбе облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі. Ал Атырау облысының кей аймақтары күндіз тұмандануы мүмкін.