8 мың адам біржолғы зейнетақы төлемін алды
8 мың адам біржолғы зейнетақы төлемін алды
5,207
оқылды

8 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы қорындағы жинақтарының бір бөлігін алды. Бұл туралы «Отбасы банктің» баспасөз қызметі хабарлады.

Дәлірек айтқанда, 8 693 азаматтың өтініші мақұлданып, олардың бүгінде банкте ашқан арнайы шоттарына тиісті қаражаттары түсіп үлгерді.⠀ Белгілі болғандай, «Отбасы банк» біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалануға арналған өтінімдерді екі жұмыс күні ішінде қарайды. Ал БЖЗҚ мақұлданған қаражатты жинақтаушының арнайы шотына 5 жұмыс күні ішінде аударады.

«Ақша түскеннен кейін – жеке кабинеттегі ақпарат жаңартылады және 45 күн ішінде құжаттарды жүктеп тізімнен банкті таңдау мүмкіндігі пайда болады. enpf-otbasy.kz жеке кабинеті арқылы жүктелген файлдар мақұлдағаннан кейін қабылдаушы тарапқа: сатушыға/банкке/ипотекалық ұйымға 10 жұмыс күні ішінде көрсетілген реквизиттерге қаражат аударылады», – делінген хабарламада.