ШҚО-да екі адамды қасқыр талап тастады
ШҚО-да екі адамды қасқыр талап тастады
348
оқылды
ШҚО-да әйел мен оның сегіз жастағы баласын қасқыр талап тастаған. Бөрі далаға шыққан әйел мен 8 жастағы баласына шапқан. Мал қораның іші азан-қазан болғанын естіп, отағысы көмекке келген. Өзіне қарсы шапқан көкжалды ол айырмен шаншып өлтірген. Қасқыр талаған бала мен оның анасына бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, аудандық ауруханаға жеткізілді. Қасқыр ветеринарлық зертханаға жөнелтілді. Маралды биік таудың етегіндегі елді мекен. Ауыл тұрғындары бір апта бұрын тағы бір үйдің ауласына қасқыр кіргенін айтады. Бірақ ол жолы ешкімге шаппаған. Қазір ауылда оқушыларға сабақ тек таңертеңгі ауысыммен өтеді. "Сағат 21:30-да даладағы малдарды қораға кіргізу үшін әйелі және баласы шыққан. Сол кезде қасқыр әйелі мен баласына шабуыл жасап, жарақаттаған. Әйелі мен баласының айқайлаған дауысына айыр ұстап шыққан үй иесі қарсы атылған қасқырды шаншып өлтірген. Жұбайының оң қолын қасқыр жұлып кеткен, баласының аяғына тістерінің ізі басқан. Қазір олар аудандық ауруханада",– Фархат Өжікенов, Маралды ауылдық округінің әкімі.