Ақмола облысында жантүршігерлік апаттан 5 адам көз жұмды
Ақмола облысында жантүршігерлік апаттан 5 адам көз жұмды
5,193
оқылды
Ақмола облысының аумағында «Екатеринбор-Алматы» тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам көз жұмды, оның 2-уі кәмелеттік жасқа толмаған бала, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, кеше Астрахан аудандық полиция бөліміне түнгі сағат 23:22 шамасында Жамбыл ауылы маңында жол апаты туралы ақпарат түскен.

«Анықталғандай, «Екатеринбор-Алматы» күре жолының 1179 шақырымында Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған «ВМW X5» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі алда жүріп бара жатқан «КамАЗ» көлігіне соқтығысқан. Салдарынан «ВМW X5» көлігінің жүргізушісі, 2 әйел жолаушысы мен 2 бала алған дене жарақатынан оқиға орнынды көз жұмды. Кәмелеттік жасқа толмаған тағы 2 бала Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық ауруханасына жатқызылды», - деді ведомство.

Осы оқиғаға байланысты  сотқа дейінгі іс қозғалды.