Сүндет Байғожин «Астана Операдан» жұмыстан кетті
Сүндет Байғожин «Астана Операдан» жұмыстан кетті
Фото: "Алматы" телеарнасынан
771
оқылды
Бұдан былай Сүндет Байғожин «Астана Опера» театрының жетекші солисі емес, – деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі. «Астана Опера» мен жетекші солис арасындағы еңбек келісімшарты Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 50-бабы бойынша бұзылды. – Вокалиспен еңбек шартын бұзу туралы шешім қабылданды, себебі бірлескен қызмет тиімді емес, – деп хабарлайды «Астана Опера». Айта кетейік, ҚР Еңбек клдексінің 50-бабы жұмыскерге еңбек шартымен мөлшері анықталатын өтемақы төлеумен тараптардың келісімі бойынша шартты бұзуды көздейді. Еске сала кетейік, Сүндет Байғожин 2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін театрда жетекші солист лауазымын атқарды. Еңбек жолын 2007 жылы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солисі болып бастады. – Әнші театрдың труппасымен бірге бірнеше рет гастрольдік турға шығып, репертуарлық спектакльдерде басты партияларды орындады. «Астана Опера» ұжымы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожинге барлық бастамаларына табыс, жоспарларының жүзеге асуы мен шығармашылық өрлеу тілейді, – дейді «Астана Опера» әкімшілігі.