Еріктілер зейнеткерге көмек қолын созды
Еріктілер зейнеткерге көмек қолын созды
218
оқылды

«Nur Otan» партиясы Сол­түстік Қазақстан об­лысы Тимирязев аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген Москворецкое ауылының тұрғыны, зейнеткер Әсел Қазиева үйдің ауласындағы қарды тазалауға жәрдем­десуін сұрап, партиялық­тардың көмегіне жүгінді.

Қардың қалың түсуіне бай­ланысты зейнеткердің ауласы мен үйінің аумағы биыл қарға толған. Ал ауланы өз­дігінен тазартуға зейнеткердің шамасы келмеген. Сондықтан зейнеткер «Jas Otan» Жастар қанатының еріктілері көмек қолын созса деген тілегін біл­діріп, өтінішін жеткізді. Қабыл­даудағылар зейнеткерге қол ұшын соза­тынын айтты. Ерік­тілердің же­дел іске кірісуімен аула қардан тазартылды. Өз кезегінде Әсел Қазиева пар­тия мүшелеріне жедел көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. Айта кетсек, былтыр «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына бүкіл ел бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыс­тыр­ғанда 2 есе көп. Бұл ретте соң­ғы 5 жылда партияның кө­мегіне 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн форматта. Олардың 92 пайызы оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді. Талдау көрсеткендей, ха­лықты әлеуметтік қамсыз­дан­дыру мәселесі – 30 пайыз, тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шылық – 16 пайыз, тұрғын үй­мен қамтамасыз ету – 15 пайыз, еңбек даулары – 14 пайыз, құрылыс – 9 пайыз, білім беру – 9 пайыз, медициналық қызмет көрсету 7 пайызға алаңдататыны белгілі болды.

Әбілмансұр ЖАСАН