752 оқушыдан COVID-19 анықталды
752 оқушыдан COVID-19 анықталды
210
оқылды

Ел астанасында 752 оқу­шыдан коронавирус анық­талды. Жоғары оқу орындары мен колледж студенттері ара­сында да коронавирус инфек­циясын жұқтырғандар бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қала­сының бас мемлекеттік сани­тарлық дәрігері Сархат Бей­сенова Орталық ком­­муни­кациялар қызметіндегі баспа­сөз мәслихатында мә­лімдеді.

Оның дерегінше, 2021 жылдың 1 ақпанындағы деректерге сәйкес, мектеп оқушылары арасында 752 коронавирус жағдайы тіркелді. Оның 56-сы кезекші сынып оқу­шылары, 596 жағдай қашықтан оқитын оқушылар арасында анық­талды. Оқу жылы бастал­ғаннан бері елордада 76 мектеп карантинге жабылды. Бүгінде оқушылардан коронавирус шығуы­на байланысты 21 мектеп оқуды қа­шықтан өткізіп жатыр», – деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер. Астанада оқитын студенттер арасында коронавирус инфек­циясын жұқтырғандар саны 145-ке жеткен. Оның 32-сі колледждің, 113-і жоғары оқу орындарының сту­денттері. Оффлайн форматта білім алушылардың арасында 4 сту­денттен коронавирус анық­талған. Оның екеуі Қазақ ұлттық өнер университеті мен Назарбаев уни­верситетінде, ал тағы екі студент политехникалық және көпбейінді колледждердің білім алушылары екен. Сархат Бейсенованың ай­туын­ша, 2021 жылдың қаңтар айы­ның басынан бері COVID-19 жұқ­тыру бойынша 3 763 жағдай тіркелді. Бір тәулікте 61 дерек тіркеліп отыр. Оның ішінде симптоммен – 44, симптомсыз – 17. Астаналықтар арасында ауырғандардың 24,5 пайызы – 30-39 жастағы адамдар. 50 және одан жоғары жастағы адамдар үлесі – 22,7 пайыз, 18-19 және 40-49 жастағы топтар – 16 пайыз, балалар – 16,7 пайыз. Жалпы, елордада 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда ауру көрсеткіші 1,5 есе немесе 35 пайызға өскен.

Т. МЫРЗА