Өтініш ескерусіз қалмайды
Өтініш ескерусіз қалмайды
240
оқылды

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық фи­лиалының қоғамдық қа­былдау бөлмесінде бір­қатар азаматтың өтініші қаралып, оң шешімін тапты. Тұрғындардың басым бөлігі материалдық көмекке жү­гінген.

Қабылдау бөлмесінде болған Тараз қаласының тұрғыны А.Мамытаева үйіне ауызсу кіргізе алмай жүргенін айтып, жәрдемдесуін сұрады. Нәти­жесінде, «Nur Otan» партиясы об­­лыстық мәслихаттағы депу­тат­­тық фракциясының мүшелері тарапынан қолдау көрсетіліп, өтініш иесінің үйіне ауызсу кіргізілді. Тараз қаласының тағы бір тұр­ғыны, көпбалалы ана Г.Өмірзақова да жағдайын ай­тып, партиялықтар тарапынан материалдық көмек көрсетілсе деген өтініш білдірді. Өз кезе­гінде демеушілер есебінен өті­ніш иесіне материалдық көмек көрсетіліп, азық-түлік себеті табысталды. Қабылдауда болған К.Айт­қожина да тұрмыс жағдайының төменін алға тартып, атаулы әлеу­меттік көмек ала алмай жүр­генін және жұмыспен қамту орталығы құжаттарын қабыл­дамай жатқанын айтып шағым­данды. Сондай-ақ өзін қоғамдық жұмысшы ретінде жұмысқа орналастыруын өтінді. Нәти­жесінде, өтініш иесінің мәселесі зерделеніп, тиісті мекеме бас­шылығымен сөйлесіп, оған атау­лы әлеуметтік көмек та­ғайындалды. Сонымен қатар ол жекеменшік мекемеге қоғамдық жұмысшы ретінде жұмысқа орналастырылды. Қабылдауға жазбаша өтініш жібергендер де болды. Атап айтқанда, Жамбыл ауданының тұрғыны Р.Нұрова өтініште өзінің медбике болып қызмет ететінін, пандемия кезінде ко­ро­навирусқа шалдыққан нау­қастарды емдеп жүріп, өзінен тексеріс барысында аталған дерт анықталғанын баяндаған. Бірақ сол уақыттан бері коронавирус ауруына шалдыққан денсаулық сақтау қызметкерлеріне та­ға­йындалатын 2 миллион теңгені ала алмай әуре-сарсаңға ұшы­рағанын жазады. Облыс әкімдігінің Ден­сау­лық сақтау басқармасына пар­тияның қоғамдық қабылдау бөлмесі тарапынан хат жолда­нып, өтініші шұғыл түрде жіті зерделеніп, заң аясында қарас­тырылуы талап етілгеннен кейін Р.Нұроваға аталған қаражат аударылды. Қоғамдық қабылдау бөл­месіне басқа да мәселелер бо­йын­ша өтініш келіп түсті. Олардың бәріне тиісті деңгейде жауап беріліп, тиісінше көмек көрсетілді. Бірқатар мәселелер оң шешімін тауып, кейбір тұр­ғындарға түсініктеме берілді.

Әбілмансұр ЖАСАН